Начать продавать на Satu.kz
Корзина
216 отзывов

Сейчас компания не может быстро обрабатывать заказы и сообщения, поскольку по ее графику работы сегодня выходной. Ваша заявка будет обработана в ближайший рабочий день.

+7 (701) 714-47-96
Интернет магазин - CAMCORDER.KZ (продажа видео и фототехники)
Корзина

Видео-операторлықты бастағыңыз келе ме? Той бизнеске кіріскіңіз келе ме?

Видео-операторлықты бастағыңыз келе ме? Той бизнеске кіріскіңіз келе ме?

Видео-операторлықты бастағыңыз келе ме?

Сіз бұл мақаланы оқып отырсаңыз, яғни сіз видео-операторық жұмысқа қызығушылық танытып, осы салада жұмысты бастауды көздеп отырсыз. Бірақ-та сізді мазалайтын сұрақтар бар, мысалы: қалай бастаймын, қанша қаражат қажет, ақталады ма-ақталмайды ма,  қандай камера алу керек, т.б.

 

Ендеше Сізге бірнеше кеңес берейік, видео-операторлық жұмысты қалай бастау үшін және бастапқы деңгейде қанша қаржы, сонымен қатар қандай техника қажет туралы. Айта кетерлік жағдай, кез-келген жұмысты қызығушылықпен жасамасаңыз, сол жұмыстың нәтижесі де болмайды, жемісін де көрмейсіз, және ол жұмысты ары қарай дамыта алмайсыз. 

 

Ең алғашында сізге қажет заттар:

1)      Камера, (мысалы Sony HXR-MC2500 бағасы 1100$) https://camcorder.kz/p3855479-professionalnyj-kamkorder-sony.html (*гарантиясына көңіл бөліңіз, көп дүкендер 2 апта ғана береді)

2)      Сумка (бағасы 75$) https://camcorder.kz/p3494488-sumka-dlya-videokamer.html

3)      Прожектор (бағасы 72$) (егерде Sony HXR-MC2500 алсаңыз, прожектор қажет емес, ол камерада өзінде орнатылған бар) https://camcorder.kz/p3046092-nakamernyj-prozhektor-led.html

4)      Штатив (100$) https://camcorder.kz/p1563735-shtativ-yunteng-vct.html

5) Қосымша аккумулятор 

 

Осы заттарға кететін шығын 1 347$,

Одан басқа компьютер, цветной принтер қажет болады.

 

6)      Компьютер, кемінде Core I 7 болғаны абзал,  мысалы https://www.sulpak.kz/g/kompyuter_cameron_core_i78gb2tbgtx_1050_4gbdos

7)      Принтер, Epson L805 https://camcorder.kz/p53193945-printer-strujnyj-epson.html

Екеуіне 435 990 тг.

 

                Сосын, түсірілген видеоны монтаж жасау үшін программалар қажет:

1.       Nero (видео-фотоларды DVD дискке жазу үшін)

2.       Adobe Photoshop (фотоларды өңдеу үшін)

3.       Видеоны монтаж жасау үшін Adobe Premiere немесе Pinnacle studio

Видеоны монтаж жасау программаларға толығырақ тоқталайық.

 

Pinnacle studio, видеоператорлықты ең бірінші бастағандарға осы программа жеңіл болады, бұл программа өте қарапайым, монтаж жасауға ұзақ уақытыңызды кетірмейді, жәні өңделіп шыққан видеолар монтаж жасалғаны көзге жақсы көрінеді.

 

Adobe Premiere бұл программамен әдетте видеомонтажда тәжірибесі бар адамдар жасайды, бұл программамен жұмыс жасау қиындау, уақыт көп алады, видеолар арасында жалғандардары да білінбейді, бірақта бұл программа арқылы ойыңызға келген бар фантазияларды іске асыра аласыз, әрине қосымша Adobe after effects меңгеруді қажет етеді.

 

Жоғарыдағы программалардың барлығын интернет арқылы тегін көшіріп алсаңыз болады, бірақ та бір программаны ресми түрде ақылы версиясын алу қажет, ол антивирус программасы. Ақылы түрін алу үшін, интернет арқылы 1 айлық тегін лицензиясымен көшіріп алып, жұмыс жасап көресіз, егерде ұнаса банктік карта арқылы төлеп, ақылы түріне ауысуға болады. Мысалы: https://eset.kz/

Ал енді шығарған шығындардың ақшасын ақтау жайлы айтатын болсақ, көрсетілген шығын шамамен 900 000 тг болып тұр, оны ақшау үшін 1 сезон уақытыңыз кетеді, яғни жаз айынан күз айының соңына дейін. Әрине, ол сіздің қалай жұмыс істегеніңізге байланысты. 

Другие статьи